Шартарап

Ғасыр тонауы. Дрезден музейіндегі қоймадан млрд еуроға тең қазына ұрланды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Миллиард еуроға тең шығын Германияның Дрезден қаласында тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».


Белгісіз адамдар қымбат әшекей мен зергерлік бұйымдарды қолды қылған.


Қызығы сол, музей басшылығының айтуынша, ұрланған заттардың құндылығы соншалық, тіпті баға жеткісіз деп айтуға әбден болады.


Дрездендегі жағдай туралы әлемдік басылымдар «Ғасыр тонауы» деп жарыса жазып жатыр. Кеше таңғы уақытта жасалған қылмыс кезінде тонаушылар күзет дабылын айналып өткен. Артынша, Дрезден музейіндегі қазына қоймасына еніп, Кәрі құрлықтағы ең ірі саналатын зергерлік бұйымдар қорын шолып өткен.


BBC хабарлағандай, қаскөйлер гауһартас, замартас, лағыл мен сапфир толған 3 топтаманы қолды қылған. Оның әрқайсысында 37 қымбат әшекейден бар.


Алайда мамандардың айтуынша, ұрланған заттарды ресми нарықта сату мүмкін емес. Ал көлеңкелі нарықта жоғары бағамен сату тіптен қиын.


 


 




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 12:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31