Шартарап

Газбен жүретін көліктер салықтан босатылады

  • фото: zarulim.com.ua

    фото: zarulim.com.ua

«Известия» басылымы жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Ресей билігі газбен жүретін техникаға салынатын салық мөлшерін азайту не мүлде жою мүмкіндігін қарастырып жатыр.

 

Бұл пропан-бутан қосындысына емес, тек сығылған табиғи газбен (CNG, метан) жүретіндерге қатысты.

 

Шенділердің айтуынша, мұндай шара халықты бензинді не дизельді көлікпен салыстырғанда экологияға зияны аз машина алуға ынталандырады. Салық жеңілдігінен бөлек мотор көлемі бір литрден аспайтын автомобиль алуға субсидия бөлу және өндірушілерді қолдау ұсынылды.

 

Аталған шаралар Ресей экономикасының энерготиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспарға енгізілді. Құжат 2021 жылғы ІІ тоқсанға дейін әзірленуі тиіс.

 

 

BAQ.KZ       

 

 

 




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.01.2021, 21:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31