Шартарап

Гендік терапия сал ауруын жеңді

  • https://scienews.com/

    https://scienews.com/

Германиядағы Рур университетінен Дитмар Фишер (Dietmar Fischer) жетекшілік еткен ғалымдар генетикадаға ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, жұлынына зақым келіп, артқы екі аяғынан сал болып қалған тышқанды «аяғынан тұрғызды».

 

Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Дәлірегі, кеміргіштің омыртқасындағы жүйкесі емделді. Нәтижесінде тышқан аттай шауып кетпесе де өздігінен жүріп-тұра алатын жағдайға жеткен.

 

Аталмыш тәсілдің сал болып қалған науқастарға аяғынан тұрып кетуіне көмегін тигізетініне үміт артып отыр.

 

Жұлынның басты қызметі &ndash миды денемен және аяқ-қолмен байланыстыру. Ал байланыстырушы ретінде жүйке жасушалары &ndash аксондар алға шығады.

 

Жұлындағы аксондар жарақаттың (мәселен, омыртқаның сынуы) салдарынан зақымдалып жатады. Жұлыны зақымдалғандықтан адам өмір бойы өздігінен жүріп-тұру, қимылдау қабілетінен айырылып, төсекке таңылады.

 

Ғалымдар бұл тарапта жүргізілген тәжірибе барысында тышқанның ми нейрондарына аксондардың өсіп-өнуін ынталандыратын ерекше ақуыз синтезінің генін (гиперинтерлейкина-6 (hIL-6) енгізіп көреді.

 

Ғалымдар алдымен жасушаға еніп, қажетті генді орналастыратын вирусты жасайды. Яғни, гендік терпанияның кәдімгі тәсіліне жүгінген. Бұл вирусты ми нейрондарына енгіздудің өз машақаты көп: оның ұштары жұлынға барып тіреледі. Ал ол өз кезегінде тереңде жатыр.

 

Осыны ескерген биологтер өздерінің «агентін» (вирусты) қимыл-қозғалысты басқаратын нейронға енгізеді. Вирустың әсерімен жүйке жасушалары гиперинтерлейкина-6-ны істеп шығарған. Осылайша аксондардың қалпына келуін ынталандырған.

 

 




Көрілген: 303    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 09:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31