Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Германия мен Франция Ресеймен диолог құрмақ

01 тамыз 2022, 19:35

Германия канцлері Олаф Шольц пен Франция президенті Эммануэль Макрон жақын арада Владимир Путинмен жаңа диалог үшін Брюссельге қарсы шығуы мүмкін, — деп жазды Strategic culture шолушысы Мартин Джей. Бұл туралы Alashainasy.kz тілшісі Кznews.kz-ке сілтеме жасап жазды.

Материал авторы саясаткерлердің Мәскеуге қарым-қатынасты өзгерткісі келеді. Сол үшін Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенмен келіспеушіліктері болуы мүмкін деп санайды.

 

«Көп ұзамай біз Брюссельде Шольц пен фон дер Лейен арасындағы жанжалды көретін шығармыз, ал Макрон Путинмен жақсы байланыс орнатуға ұмтылуы мүмкін», — деп болжады Джей.

 

Оның пікірінше, Германия Ресейге деген көзқарасын өзгерту ниеті туралы дабыл қаға бастады.

 

«Жақында Берлинде Украинаға арналған тоғыз миллиард еуро көмек пакеті ұсталғаны белгілі болды, сонымен қатар немістер уәдесіне қарамастан Украинаға көмек көрсететін елдерге танк беруден бас тартты», — делінген хабарламада.