Германияда 12 жастан бастап балаларға екпе салынбақ

03 тамыз 2021, 19:12

Германияда 12 жастан бастап балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынатын болады. Бұл туралы Die Welt телеарнасы хабарлады.

 

Белгілі болғандай, республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Йенс Шпан конференция барысында аймақтық денсаулық сақтау министрлерімен бірлесе отырып, бірауыздан осындай шешімге келген.

 

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, 12-17 жас аралығындағы неміс азаматтарына арнайы орталықтарда немесе тұрғылықты жері бойынша дәрігерінен екпе алу ұсынылады.

 

Қазіргі уақытта осы топтағы азаматтардың шамамен 10%-ы вакцинацияланды.

 

Шпанның айтуынша, аталған топқа енген әр жасөспірім жаз соңына дейін екпе ала алады.

 

Еске салсақ, дүйсенбіден бастап Кипрде 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы ерікті түрде вакцинациялау басталды. Министрлер кабинеті шілде айында осындай шешімге келген.

 

 

 

BAQ.KZ