Шартарап

Германияда коронавируске қатысты жағдай қиындады

  • Германияда коронавируске қатысты жағдай қиындады

    Германияда коронавируске қатысты жағдай қиындады

Германияда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Соңғы үш күн бойы елде тәуліктік өсім 20 мыңнан түспей тұр.

Бұл қаңтардан бері алғаш рет тіркеліп отырған жағдай. Сондықтан 3 өңірдің билігі шектеу шараларын күшейтті. Мәселен, киім-кешек сататын дүкенге, сән салоны мен мұражайға кіру үшін келушілердің қолында коронавирусқа тапсырған тестінің теріс нәтижесі болу керек. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты билік дәмхана мен мейрамхана иелеріне қайта ашылуға рұқсат бермеді. Алайда дәрігерлер бұл шараның жеткіліксіз екенін айтады. Олар биліктен жалпыұлттық локдаун енгізуді сұрап отыр.

Лотар Вилер, Роберт Кох атындағы институт басшысы: - Коронавирустың үшінші толқынының салдары алғашқы екеуінен де ауыр болуы мүмкін. Жан сақтау бөлімінде науқас көбейіп, ауруханаларда бос орын табылмай жатса таң қалмаймыз. Осыған дайын болуымыз керек. Үшінші толқын енді ғана басталды. Болжам бойынша, алдағы апталарда ахуал жағдай ушыға түсетін секілді.

Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты билік бірнеше ережені қатаңдатты. Мәселен, енді өзге елден келген азаматтар Германияға қонғаннан кейін емес, ұшаққа мінбей тұрып, коронавирусқа тест тапсыру керек. Сондай-ақ вирус жұқтыру деңгейі жоғары мемлекеттен оралғандар 10 күн карантинді болуға міндетті.

24.kz




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 09:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31