Шартарап

Германияда вакцина салдырғандар саны 20 млн-ға жетті

  • © BBC

    © BBC

Германияның 20 миллион азаматы ковидке қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алып үлгерген. Бұл ел халқының шамамен 24 проценті.

 

Бұдан бөлек, тағы 6 миллион адамның иммундық қорғанышы бар.

 

Сарапшылардың пайымдауынша, бүгінде Германияда ел азаматтарын вакциналау қарқынды жүріп жатыр. 60-тан асқан кісілер, дәрігерлер, мұғалімдер мен полицейлердің бәріне екпе салынуда.

 

Бірақ билік өкілдері маусымнан бастап вакцина егуде қандай да бір топқа басымдық беруді тоқтатпақ екен.

 

Осылайша кез келген адамның ковидке қарсы препаратты салдыруына мүмкіндік берілмек.

 

Германия канцлері Ангела Меркельдің айтуынша, вакцина алған ел азаматтары шетелден оралғанда оқшаулану міндетті емес.

 

Сонымен қатар музейлер мен концерттерге, дүкендер мен шаштаразға бара алады.

 

Айта кетерлігі, қазір мұнда сұлулық салонына бару үшін коронавирусқа тестілеуден өту қажет.

 

Ангела Меркель, Германия канцлері:

 

– Вакцина егуге басымдық берілген топтар маусым айында болмайды. Бірақ бұл осы сәттен бастап кез келген адам вакцина салдыра бастайды дегенді білдірмейді. Екпе алу үшін алдымен оған жазылып, кезекке тұру керек болады.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 02:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30