Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Голливудтық кинопродюсер тағы бір зорлау дерегі бойынша кінәлі деп танылды

20 желтоқсан 2022, 15:41

Дүйсенбіде Лос-Анджелестегі алқабилер соты Голливудтың әйгілі продюсері Харви Вайнштейнді тағы бір зорлау фактісі бойынша кінәлі деп тапты. 70 жастағы Вайнштейн осыған ұқсас қылмыстар үшін 23 жылдық жазасын өтеп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі BBC Russian-ге сілтеме жасап жазды.

Белгілі болғандай, екінші процесс барысында Вайнштейн айыптаулардың бірі бойынша ақталып шықты, бірақ тағы осындай үш жағдай бойынша алқабилер бірауыздан шешім қабылдай алмады.

 

Variety хабарламасына сәйкес, сот «Вайнштейн 2013 жылдың ақпанында қонақ үйде Джейн Доу №1 деген лақап ат иеленген италиялық модельді зорлағаны» үшін кінәлі деп таныды. Ал «массажист қызды зорлады» деген айыптан продсер ақталып шықты.

 

Қазір Харви Вайнштейн 2020 жылы қабылданған алқабилер алқасының айыптау үкімінен кейін зорлау мен қудалау жасағаны үшін 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр.