Гонконгта табыт жетіспей жатыр

07 сәуір 2022, 07:52

Гонконгта жұрт сабылып, табыт таппай қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирустың бесінші толқынымен арпалысып жатқан қалада қайтыс болғандарды жер қойнына тапсыру қиындап тұр.

 

Өйткені пандемияға байланысты шекара жабылып, ағаш жеткізілмеген.  Сол себепті табыт жасаушылар тапсырысты орындап үлгермей жатыр.

 

Оған қоса, марқұмдардың құжаттарын алуға да ұзын-сонар кезек.

 

Ал мүрдені дәрігерлер жерлеу рәсіміне дейін ауруханада сақтауға мәжбүр.

 

Індет басталғалы бері Гонконгта 1 миллионнан аса адам ауырып, 8 мыңы о дүниелік болды.