Шартарап

Гонконгте коронавирустың жаңа мутациясы анықталды

  • Гонконгте коронавирустың жаңа мутациясы анықталды

    Гонконгте коронавирустың жаңа мутациясы анықталды

Гонконг тұрғынынан алғаш рет мутацияланған N501Y коронавирус штамы анықталды. Науқаспен бір үйде тұратын сексен адам үш апталық карантинге жатқызылды.

Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.

 South China Morning Post газетінің мәліметінше, вирустың N501Y мутациясы 29 наурызда Дубайдан оралған Гонконгтің 19 жастағы тұрғынында анықталды, онда ол инженер болып жұмыс істеген.

Қазақстанда 680 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус таралуы бойынша «қызыл» аймаққа енген өңірлер анықталды
Бір тәулікте 22 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
 
Басылымда үйдің 80 тұрғынын оқшаулау «инфекцияны бақылаудың ең қатаң шарасы» деп жазылған. Гонконг Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің бірінің айтуынша, «бұл штамм мутациясы жұқпалырақ болғандықтан» карантин енгізу қажет.

Гонконгтың денсаулық сақтау министрі София Чэннің айтуынша, N501Y штамының мутациялық инфекциясын жұқтыру дерегі зерттеліп жатыр. Ол науқаста ешқандай белгілер болмағанын және үш апталық қонақүй карантині кезінде коронавирусқа тесті теріс нәтиже көрсеткенін айтты. Басылымда ер адам вирусты Дубайдан жұқтырып келуі мүмкін екенін, ал штамм ерекше ұзақ инкубация кезеңінде болуы мүмкін деп жазылды.

Денсаулық сақтау министрі газетке берген сұхбатында Гонконг билігі коронавирус штамдарының таралуын болдырмау үшін кейбір рейсті тоқтатқанын мәлімдеді.

«14 сәуірде жолаушылар рейстерін тоқтата тұру тетігін күшейттік. Вакцинация бағдарламалары басталғаннан кейін кейбір елде инфекция жұқтыру санының төмендегені байқалғанына қарамастан, штамдардың мутациясы әлі де тарап жатыр», – дейді Чэн.
Бұған дейін АҚШ-та үндістандық қос мутациясы бар коронавирус штамы анықталған болатын.

Tengrinews.kz




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.04.2021, 18:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31