Шартарап

Грекияда алғаш рет әйел адам президент болды

  • Грекияда алғаш рет әйел адам президент болды

    Грекияда алғаш рет әйел адам президент болды

Грекия жоғары әкімшілік соты – мемлекеттік кеңесінің төрайымы Екатерина Сакелларопулу ел президенті болып сайланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Екатерина Сакелларопулу. Фото: Грекия үкіметінің баспасөз қызметі

Екатерина Сакелларопулу. Фото: Грекия үкіметінің баспасөз қызметі

Осылайша, Грекия мемлекетін алғаш рет әйел адам басқаратын болды.

Екатерина Сакелларопулуға 361 депутат дауыс берген, 33-і қалыс қалды. Президенттікке сайлану үшін 200 дауыстың жеткілікті екенін атап өткен жөн.

Дауыс беруден кейін премьер-министр Кириакос Мицотакис елдің қазіргі президенті Прокопис Павлопулосқа барып, сайлаудың нәтижесін баяндады.

Грекия конституциясы бойынша, парламент ел президентін премьер-министрдің ұсынысы бойынша бес жылға сайлайды. Президенттікке үміткерді сондай-ақ фракциялар да ұсына алады.

Үміткерлерді талқылаудың уақыт тәртібі қарастырылмаған. Жалпы, Грекия президентінің өкілеттігі өкілдік қызметтермен шектелген, ал негізгі билік премьер-министрдің қолында.

Қазіргі президент Прокопис Павлопулостың өкілеттігі 13 наурызда тоқтатылады.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ Қазақстанда парламент сайлауы 2020 жылдың наурыз айында өтетінін хабарлаған еді.




Көрілген: 280    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.01.2020, 21:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30