Шартарап

Грузияда жаппай наразылық танытқандар парламент ғимаратына шабуыл жасады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Тбилиси полициясы Грузия парламентінің алдына жиналған көтерілісшілерді тарату үшін резеңке оқ пен көзді жасаурататын газ қолданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА әлемдік ақпарат көздеріне сілтеме жасап.


Жаппай наразылық бейсенбі күні, 20 маусымда Ресей делегациясының Православие парламентаралық Бас ассамблеясына қатысуына байланысты басталды.


Делегацияны басқарушы және АСМ басшысы РФ мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың сессия кезінде Грузия парламенті спикерінің креслосына отырып, жиналғандарға орыс тілінде сөйлегені оппозицияның наразылығын тудырған. Грузияның оппозициялық депутаттары мұны қорлау деп бағалап наразылықтарын білдіріп, Бас ассамблеяның жұмысын тоқтатты.


Еuronews мәліметінше, шерушілер Грузия ІІМ басшысы Георгий Гахария мен спикер Ираклий Кобахидзенің отставкаға кетуін, сондай-ақ кезектен тыс парламент сайлауы өткізілуін талап етіп, парламент ғимаратына бірнеше рет шабуыл жасаған. Грузия Ішкі істер министрі Георгий Гахария шерушілерді полицияға бағынуға шақырды, деп хабарлайды ТАСС.


«Мен ең алдымен алаңда тұрған әр азаматты, мүмкін олар әділетті наразылық білдіріп тұрған болар, полиция талаптарына бағынуға шақырамын. Мұнда болып жатқанның барлығы мемлекеттік институттарға шабуыл саналады», - деді ол бейсенбі күні журналистерге берген сұхбатында.


Наразылыққа шыққандарға қарсы көзді жасаурататын газ бен резеңке оқтар қолданылды. Грузия баспасөзі бірнеше адамның ауыр жарақат алғанын хабарлады.


Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлығы 52 адам зардап шеккен, олардың 38-і - полиция қызметкерлері.


Кешкісін С.Гаврилов және басқа да Мемлекеттік думаның депутаттары Тбилисиден ұшып кетті.


 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31