Грузияда көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

06 тамыз 2023, 21:20

Шов муниципалитетінің аумағы мен Грузияның батысындағы көшкін салдарынан қаза тапқандар саны артты - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Грузияның ішкі істер министрлігі мәлім етті деп жазды ҚазАқпарат тілшісі АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

Шов муниципалитетіндегі құтқару операциясы жалғасып жатыр.

 

Көшкін құрбандарының саны 16 адамға жетті. Қазір тағы 24 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

 

Қаза тапқан 7 адамның кім екені белгілі болды.

 

7 тамыз Грузияда қаралы күн деп жарияланды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz