Грузияның министрлер кабинеті ел президентін сотқа берді

07 маусым 2022, 09:09

Грузия министрлер кабинетінің баспасөз қызметі үкімет мүшелері республика президенті Саломе Зурабишвилидің үстінен Конституциялық сотқа шағым түсіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі mk.ru сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Үкімет аппаратының басшысы Реваз Джавелидзенің айтуынша, Конституциялық сотқа жүгінуге президенттің үкіметтің ұсынысымен бірқатар елдерге елшілерді тағайындаудан бас тартуы себеп болған.

 

Ал елшілерді тағайындау және оларды босату Грузия президентінің конституциялық құзыретіне жатпайды.

 

"Грузия үкіметі елшілер мен дипломатиялық миссиялардың басшыларын тағайындау және босатуға қатысты президент пен Грузия үкіметі арасындағы өкілеттіктерді бөлуге қатысты конституциялық шағымды түсіндіруді сұрайды", - делінген сотта.