Шартарап

Гүлнәр Каримоваға рейдерлік жасады деген айып тағылды

  • © AFP 2019 / Amy Sussman

    © AFP 2019 / Amy Sussman

Өзбекстанның бас прокуратурасы бірінші президенттің қызы Гүлнәр Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық істер қозғады.


Өзбекстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Каримоваға "мемлекет қаржысын жымқырды және республика мүддесіне қайшы келісімдер рәсімдеді" деген айып тағылып отыр.


Бұдан бөлек, аса ірі көлемде басқа біреудің мүлкін күшпен тартып алғаны үшін жауапқа тартылмақшы. Қылмыстық істер White and Case халықаралық заңгерлік компаниясынан түскен ақпарат пен азаматтардың арыз-шағымдары негізінде қозғалды.


"Каримова басқа адамдармен келісе отырып, мемлекетке тиесілі "Кувасайцемент" мен "Бекабадцемент" компанияларының акцияларын арзан бағамен сатып алған. Одан кейін сол акцияларды шетелдік бизнесмендерге сатып жіберді. Артынан оларға қолдау жасап отырды. Осылайша, ол Өзбекстанның мүддесіне аса ірі көлемде зиян келтірді", - делінген ресми хабарламада.


Бұдан бөлек, Каримова кәсіпкерлер мен азаматтарды қорқыту арқылы мүлікті өз компаниясына тапсыруға міндеттеген.


 sputnik




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 13:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30