Гвинеяда эбола пандемиясының басталғаны туралы хабарланды
Гвинеяның Денсаулық сақтау министрлігіндегілер елдің оңтүстік-батысындағы Гуэк субпрефектурасында эбола эпидемиясының басталғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
 
Биліктің мәліметінше, елде эбола ауруынан төрт адам қайтыс болғаннан кейін шаралар қабылданған.
 
"Осы жағдайды ескере отырып және Халықаралық денсаулық сақтау ережелеріне сәйкес, Гвинея үкіметі Гуэк субпрефектурасында, Нзерекор префектурасында эбола вирусының эпидемиясы туралы хабарлайды", - делінген ел премьер-министрінің Twitter-дегі мәлімдемесінде.
 
Билік эбола ауруына күдік туғызған барлық адамды оқшаулауға, эбола ауруына төтеп беру жөніндегі үйлестіру және техникалық комиссияның жұмысын жандандыруға, Гуэкте науқастармен жұмыс істейтін орталық ашуға, сондай-ақ ДДҰ арқылы вакциналарды сатып алуды тездетуге кеңес берді.