Хакерлер YouTube желісінде ең көп қаралған видеоны өшіріп тастады

10 сәуір 2018, 21:58

Хакерлер YouTube желісіндегі пуэрторикалық музыкант Луис Фонсидің Despacito композициясының видеоклипін өшіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоклип YouТube желісінде абсолют рекорд орнатқан еді. Қазіргі уақытта видеохостингте оны көру мүмкін емес. Клипті ашқан кезде "қолданушы видеоны өшіріп тастады" деген хабарлама тұрады. Желі қолданушылары ең танымал видеоның кенеттен өшіп қалуының себебін жариялады. Болжаммен Prosox немесе Kuroi'SH хакерлік тобы видеоны бұзып кіріп, клиптің жазбасындағы қаруды ұстап, бетперде киген бірнеше адамның суретін қалдырған.