Хоккейші Николай Шаровты атып кетті

03 мамыр 2022, 18:30

Челябі облысында «Колос» хоккей клубының ойыншысы Николай Шаровты атып кетті. Жантүршігерлік оқиға 2 мамырда Бреды ауылындағы «Crossroads» барында болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

REN TV арнасының хабарлауынша, барда жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.

 

Салдарынан төбелес шығарғандардың бірі үйіне барып, аңшы мылтығын әкеліп, одан хоккейшіге оқ атқан. Спортшы сол жерде көз жұмды.

 

Күдікті қамауға алынып, кінәсін мойындады. Қылмыскердің айтуынша, хоккейші өзін өте әдепсіз ұстаған, тіпті бұл қылығы үшін кешірім де сұрамаған.