Лондонда II Елизаветаның табытын күзеткен сарбаз өлі табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі The Mirror басылымына сілтеме жасап жазды.
Сарбаздың туыстарының сөзінше, 18 жастағы Джек Бернелл-Уильямс 19 қыркүйекте қаралы күні табытты күзеткен, ал екі аптадан кейін өлі табылған.
Сарбаздың денесі Гайд-парк казармасында табылды.
Полиция қызметкерлері сарбаздың өлімі күтпеген жағдай болғанын айтып отыр.
Басылым мәліетінше, Джектың отбасы "ол ханшайымның ақтық сапарында табытын күзеткенін мақтан тұтқанын" жазады.