Ижевскіде атыс шығарған ер адам сол мектептің түлегі болып шықты. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Комитеттің мәліметінше, шабуыл жасаған 1988 жылы туған Артем Казанцев есімді осы мектептің түлегі екен.
Ол өз-өзіне қол жұмсады.
Қазіргі уақытта оның үстінде нацистік рәміздер бейнеленген қара жейде анықталды. Ешқандай құжаты болған жоқ, - деп мәлімдеді Ресейдің Тергеу комитетінің баспасөз қызметі.
Ижевск мектебінде 26 қыркүйек күні таңертең атыс болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 13 адам қайтыс болды, оның ішінде алтауы ересек адам, жетеуі оқушы, 14 бала мен жеті ересек адам жараланды. Қаза болғандар мен жараланғандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр, - деп мәлімдеді Ресейдің Тергеу комитетінің баспасөз қызметі.
Удмуртияда 29 қыркүйекке дейін қаралы күн жарияланды.