Шартарап

Илон Маск адам миына чип орнататын күннің жақын қалғанын мәлімдеді

  • http://islam.kz/

    http://islam.kz/

Осы заманның қаһарманына айналған Илон Маск 2016 жылы іртегасын қалаған, ми-компьютер интерфейсін құрастыратын Neuralink компаниясы өз технологиясын адамдарға қолдануға әзір. Бұл жайында АҚШ-тағы ең танымал подкаст авторы Джо Роган таяуда жариялаған.

 

Tesla, SpaceX және Neuralink технологиялық компаниялардың негізін қалаған Илон Масктың айтуынша, алдағы бірер жыл ішінде коммуникациялық құрылғылармен байланыс құрып жұмыс істейтін чип-имплант адам организміне кіріктіріле бастайды.

Ми жарақатынан зардап шеккен пациентке емдеу шарасы ретінде қолданып көреді.

 

Десе де Илон Маск бұл бағытта алда атқарылар шаруа шаш-етектен екенін айта келіп, денсаулыққа теріс әсері жоқ, яғни, қандай да бір зақым келтіру қаупі жоқ құрылғыны адам миына кіріктіруді бастайтынын мәлімдеді.

Яғни, мидың бұзылған қызметін қалпына келтіру мақсатында орнатылады.

 

Neuralink жүйесі көру және есту қабілетін немесе қозғалыс функциясын қалпына келтіріп қоймай, сонымен қатар, ми ауруларын емдейтін болады.

 

Илон Маск болашақта Neuralink жүйесі негізінде адам мен жасанды интеллекті симбиозына айналатын компьютер мидың толыққанды интерфейсін жасауға бел байлап отырғандарын жеткізді.

 

Оның айтуынша, мұндай интерфейс биологиялық миды «супер интеллектуалды» қондырма арқылы мәліметтердің көп мөлшерімен қамтамасыз етеді.

 

Бұл жайт өз кезегінде адамның жасанды интеллекті мүмкіндіктерінен қалыс қалып қоймауына көмектеседі.

 

islam.kz

 




Көрілген: 855    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.05.2020, 13:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30