Шартарап

Илон Маск жаңа қала салып жатқанын айтты

  • Илон Маск жаңа қала салып жатқанын айтты

    Илон Маск жаңа қала салып жатқанын айтты

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск қазір Техаста жаңа қала құрып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Мен Техаста Старбэйз қаласын (Starbase) құрдым", - деп жазды Twitter-дегі парақшасында ол.

 
Кәсіпкер жаңа қаланың алаңы SpaceX ғарыш айлағы орналасқан Бока-Чика ауылынан едәуір үлкен болатынын айтты. Сонымен қатар, Маск қалада иттерге "өте жақсы" қарайтынын және оның жетекшісі "дож" атағын алатынын атап өтті.

Былтыр желтоқсан айында Маск Калифорниядан Техасқа көшті. Миллиардер Техаста жаңа Tesla зауыты салынып жатқанын түсіндіріп, Калифорния билігінің кәсіпкерлерге қатысты саясатын сынға алды.

Масктың айтуынша, бұрын да авиация компаниялары, басқалар сияқты, өз қызметін Калифорниядан басқа штаттарға ауыстырған.

Техас штатының астанасы Остин қаласында Tesla бөлімшелері және оның Boring Company стартаптары орналасқан, ал SpaceX нысаны Бока-Чика жағалауындағы ауылда орналасқан. Көшкенге дейін Лос-Анджелес кәсіпкердің негізгі тұрғылықты жері болып саналды.

Маск Калифорниядағы табыс салығының көптігіне байланысты көшу туралы шешім қабылдаған болуы мүмкін, ал Техасқа көшу миллиардтаған доллар үнемдеуге мүмкіндік береді.




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 08:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30