Илон Маск «Жыл адамы» атанды

14 желтоқсан 2021, 01:46

Америкалық миллиардер Илон Маск «Жыл адамы» атанды, деп хабарлайды Хабар 24.

Таймс журналының нұсқасы бойынша, ол қоғамға батыл өзгеріс енгізгені үшін осындай атаққа лайық деп танылды. Биыл үміткерлер қатарында 54 адам болған. Олардың арасында, Ақ үй басшысы мен Ресей президенті де бар. Таймс нұсқасы бойынша былтыр «Жыл адамы» болып АҚШ президенті мен вице-президенті, ал 2019 жылы экобелсенді Грета Тунберг танылған.