Илон Маск келер жылы адамдарға чип енгізуді бастайды

09 желтоқсан 2021, 19:46

Илон Маск маймылдарға нейрочиптерді сәтті орнатқанын хабарлады. Әлемге танымал миллиардер келер жылдан бастап адамдарды чиптеуді бастамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Futurism басылымына сілтеме жасап.

Кәсіпкердің айтуынша, бірінші болып күрделі жұлын ауруларымен (тетраллегия, квадриллегия) ауыратын науқастар чиптеледі. Қазіргі уақытта Neuralink компаниясы АҚШ әлеуметтік қызметі мен денсаулық сақтау министрлігінің тестті мақұлдауын күтуде. 

Айта кетейік, Маск адамдарды чиптеуді екі рет кейінге қалдырған болатын. Бұл өзгеріс коронавирус пандемиясымен байланысты еді. 

Forbes-тың бағалауынша, Илон Маск әлемдегі бай адамдар рейтингінде көш бастап тұр. Оның байлығы 292,6 миллиард доллардан асады.