Шартарап

Илон Маск Марсты бағындыру мақсатында бар мүлкін сатпақ

  • Илон Маск Марсты бағындыру мақсатында бар мүлкін сатпақ

    Илон Маск Марсты бағындыру мақсатында бар мүлкін сатпақ

Мультимиллиардер Илон Маск Марсты бағындыру және отарлау бойынша өз ниеті мен мақсатының маңыздылығын дәлелдеу үшін бар мүлкін сатпақшы, деп хабарлайды РИА Новости.

"Компаниялардағы акцияларымды есепке алмағанда, менде аса құнды ештеңе қалмайды", - деп мәлімдеді Маск.

Ол расымен де баспанасыз қалатынын атап өтті. Өткен жылы Маск өте қымбат тұратын бірнеше жылжымайтын мүлікті сатқан.

"Адам баласы ғарыштық өркениетті игеріп, ғаламшараралық түрге айналуы керек деп санаймын. Марста қала тұрғызу үшін өте көп қаражат керек", - деп нақтылады Маск.

Оның пікірінше, өз мүлкін сату Марсқа қоныстанудағы ниетінің маңыздылығын көрсетеді.

Өткен жылдың желтоқсан айында ол алдағы алты жылда Марсқа адам жіберу ақиқатқа айналатынын мәлімдеген болатын.

Күні кеше Bloomberg агенттігі Илон Маск әлемдегі ең дәулетті адамдардың тізімінде Джефф Безосты басып озғанын жариялады. Оның мүлкі 188,5 миллиард долларды құрап, соңғы бір жылда 150 миллиардқа артқан.

sn.kz




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.01.2021, 16:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31