Шартарап

Имам үйленген соң екі аптадан кейін қалыңдығының еркек екенін білген

  • https://www.pinterest.com/

    https://www.pinterest.com/

Мұхаммед Мұтымба Уганданың тумасы. Ол Шабулла Набукира есімімен өзін таныстырған бойжеткенге үйленген. Бірақ, арада екі апта уақыт өткенде оның қыз емес, Ричард Тумушабе деген алаяқ еркек екендігін білген, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.

Имама Мұтымба 2019 жылдың аяғында мешітте бойжеткен қызбен танысады. Әйтсе де, ол танысқан қызын ер адам деп мүлде ойламапты, тіпті, күдіктенбеген. Ақырында ол қыздың киімін киіп алған еркек екендігі белгілі болады. Таныстықтары сәтті жалғасқан олар желтоқсан айында шариғат бойынша неке қидырып, ерлі-зайыпты атанады.

Үйленбей тұрып, имам "қыздың" туған ауылына барып, оның туыс әпкесіне қалың малын апарған екен.

Алғашқы неке түні күні «Набукира» дін жолындағы ер азаматпен төсектес болудан бас тартады. Тіпті, некеге отырса да, олар екі аптаға дейін төсек қатынасына бармаған. Некелескен күйеуімен жақындасудан бас тарту себебін әлгі алаяқ еркек, жарының әлі өзінің ата-анасымен таныспағандықтан деп түсіндіреді.

Адам айтса сенгісіз жағдай, Тумушабе өзінің еркек жынысты екендігін өте жақсы жасыра білген. Мәселен, ол ұзын хиджаб киіп, орамал тағып, бетін бояп, кімінің ішінен омырауын үлкейтіп көрсету үшін арнайы заттар салып жүріпті. Бұл аз десеңіз, даусын қыздардікіндей жіңішке етіп шығарыпты.

Алаяқтың бұл өтірігі ұзаққа созылмады. Күндердің күнінде имамның көршісінің үйіне біреу ұрлыққа түсіп, бағалы заттар, теледидар мен 300 мың угандалық шилингті (81 доллар) алып кеткен екен. Сол кезде жұрт бірінші кезекте имамның жарынан күдіктенеді. Осы оқиғадан кейін, түрмеге қамалған бойжеткеннің қитұрқы әрекеті бірден әшкере болады. Мұнан бөлек, оның туыс әпкесі ретінде танысқан әйел де жауапкершілікке тартылған.

 




Көрілген: 3392    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 10:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29