Шартарап

Интерполдың басшысы ауысты Барлық құқықтар қорғалған

  • Интерполдың басшысы ауысты Барлық құқықтар қорғалған

    Интерполдың басшысы ауысты Барлық құқықтар қорғалған

Түркияда Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Бас Ассамблеясы – Интерполдың 89-шы сессиясы өтіп жатыр, онда қазақстандық делегацияны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев басқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ассамблеяның соңғы күні осы ұйымның Атқарушы комитетіне басшы лауазымдарға сайлау өтті. Интерполдың жаңа президенті болып көпшіліктің дауысымен Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Ахмад Насер Әл-Рейси сайланды. Сонымен қатар, делегациялар өкілдерінің жалпы дауыс беруі арқылы Микронезия Федеративтік Штаттары Интерполдың жаңа 195-ші мүшесі болды. 

Сессияның қорытынды күнінде ұйымның ағымдағы және келесі екі жылға арналған қаржы бюджеті қаралып, жұмыстың жаңа әдістері, оның қызметінің негізгі бағдарламалары және қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы күрестегі өзара іс-қимылдың өзге де өзекті мәселелері талқыланды. 

Ерлан Тұрғымбаев Интерполдың жаңадан сайланған президенті Ахмад Насер Әл-Рейсимен екіжақты кездесу барысында ынтымақтастық, оның ішінде трансұлттық қылмысқа, заңсыз көші-қонға, адам саудасына қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді ұстау, киберқауіпсіздік, ақпарат алмасу және басқа да мәселелерді талқылады. 

Сонымен қатар, Ахмад Насер Әл-Рейси Қазақстанның Ішкі істер министрін келесі жылдың ақпан айында БАӘ-де өтетін жыл сайынғы полиция көрмесіне шақырды. Көрме полиция қызметінде қоғам қауіпсіздігіне арналған жаңа жабдықтарды, технологиялар мен материалдарды көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтарды қорғау және оларға көмек көрсету, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру салаларына арналады.
BAQ.KZ




Көрілген: 627    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 00:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31