Ион теңізінде жолаушылар мінген кеме отқа оранды (видео)

18 ақпан 2022, 14:21

Euroferry Olympia жолаушылар лайнері 18 ақпанда таңертең Ион теңізінде өртеніп кетті. Кемеде 237 жолаушы мен 51 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өрт Грекияның Имгуменица портынан шыққан соң кеменің үшінші палубасынан басталған. 

Жолаушылар мен экипаж құрамы қосалқы қайықтардың көмегімен қашып үлгерген. Кейін оларды өзге кемелер мен Италияның жағалау қызметі құтқарып алған. Олар Корфу аралына жеткізілген. Зардап шеккендер жоқ.

Лайнердегі өртті сөндіру үшін бірнеше кеме мен тікұшақтар жұмылдырылған.