Шартарап

Ирактағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасалды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бағдадтағы АҚШ елшілігі ғимаратының маңында бірнеше зымыран жарылды.

Оқыс оқиға 21 қаңтарға қараған түні болған. Бұл туралы Al Arabiya жазды.

Телеарна мәліметінше, екі немесе үш зымыран Бағдадтың әкімшілік ғимараттары мен елшіліктері орналасқан аумақта, яғни "жасыл" қауіпсіздік зонасында жарылған. Шабуыл болған сәтте аудан территориясында әуеде дабыл белгісі іске қосылмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне АҚШ-тың Бағдад әуежайы маңындағы операциясы салдарынан Иран генералы Касем Сулейманидің қаза табуы себепші болды. Осы жағдайдан кейін Ирактағы әскери базаларға жасалған шабуылдар жиілеп кетті.

8 қаңтарды Ислам революциясының жасақ корпусы (ИРЖК) генерал Касем Сулейманидің өліміне кек қайтару ретінде АҚШ нысандарына шабуыл жасады.

Иран АҚШ-тың әуе базаларына жасаған соққысынан кейін мәлімдеме жасады.

Иран операциясы "Сулейманиді азаптаушы" деп аталды. Иран АҚШ-қа көмектескен елге де шабуыл жасайтынын ескертті. Айта кетейік, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды.

АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады. АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімінен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты.

Иран жоғарғы көшбасшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN арнасына сұхбат бергенде генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алу үшін Иран америкалық әскери нысандарға шабуыл жасайтынын айтты.
Ал, 5 қаңтарда Иран ядролық келісімнен бас тартты. Иранның мемлекеттік телеарнасы Дональд Трамптың басы үшін 80 миллион доллар сыйақы беретіні туралы хабарлады.

Бұған дейін, АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран Ирактағы базаларды атқылаған кезде 11 америкалық әскери зардап шеккенін растады.

 Вaq.kz




Көрілген: 196    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 10:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29