Шартарап

Иран украиналық жолаушылар ұшағын қателесіп атқанын мойындады

  • © AFP

    © AFP

Иран билігі өз қарулы күштері Тегеран әуежайынан 2020 жылы 8 қаңтарда ұшып шыққаннан кейін іле-шала екі зымыранмен атып түсірген Украинаның жолаушы ұшағының апатын тексеру қорытындысы туралы баяндаманы жариялады. "Украина халықаралық әуе желісі" компаниясының №752 рейсіндегі ұшақта болған 176 адам түгел мерт болған.

 

Иран тергеушілері ұшақ апатына дұрыс реттелмеген радиолокация станциясының әуе қорғаныс күштері операторларына қате белгі беруі себеп болған деп санайды. Баяндамада операторлардың әуе қорғаныс күштері басшылығынан ұшақты зымыран атуға сұрамағаны айтылған.

 

Британдық Guardian басылымы әу баста Тегеранның апатқа ұшақтың "техникалық ақауы" себеп болды деп мәлімдегенін жазады. Бірақ бірнеше күннен кейін Иран билігі ұшақты әскери зымыранмен қателесіп атып түсіргенін мойындады.

 

Иран азаматтық авиация басқармасы жариялағанн есепте Тегеран маңайындағы әуе қорғаныс күштері жүйесінің операторлары аппаратураны уақытылы ретке келтіріп үлгермегені айтылған. Ұшақ апатынан бірнеше сағат бұрын Иран күштері "жоғары дайындықта" отырған. Себебі соның алдында көрші Ирактағы америкалық әскери базаларды атқылаған Иран АҚШ әскері оған жауап ретінде шабуылдауы мүмкін деп дайындалған.

 

Guardian жариялаған Иранның ресми баяндамасында апаттың техникалық егжей-тегжейімен бірге ұшақ экипажының Тегеран әуежайынан ұшып шыққан соң хаттамаға сай қимылдап, бекітілген бағыттан ауытқымағаны айтылған.

 

Украина ұшағындағы "қара жәшіктерді" оқитын аппаратура жоқ болғанына қарамастан Иран оларды әлі бермей отыр. Апат орнынан табылған "қара жәшіктер" 20 шілде күні Францияға беріледі деп хабарлады IRNA агенттігі.

 

2020 жылы 8 қаңтарда Тегеран маңында Иран күштері әуеден атып құлатқан украиналық ұшақта болған Иран мен Канаданың ондаған азаматы, сонымен бірге Украина, Ұлыбритания, Ауғанстан мен Германия азаматтары да қаза тапқан.

 

azattyq.org




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.07.2020, 22:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30