Шартарап

Иранда америкалық тыңшылар өлім жазасына кесіледі

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Иран АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (Central Intelligence Agency) 17 тыңшысын әшкерелеп қамауға алды. Бұл туралы 22 шілдеде Fars агенттігі хабарлады.


Агенттік мәліметінше, ел аумағында жұмыс істеп жүрген агенттерді Иранның Ақпарат және ұлттық қауіпсіздік министрлігі анықтаған. Оларға қатысты сот үкімдері шыққан және кейбіреулері сатқын ретінде өлім жазасына кесілетіні айтылады.


Press TV телеарнасының мәліметінше, тыңшыларды ұстау шаралары соңғы бір жылда жүргізілген. Соның нәтижесінде агентуралық желі бұзылған.


Маусым айында Иран ұлттық қауіпсіздігі жоғарғы кеңесінің хатшысы Али Шамхани арнайы қызмет өкілдері "кеңауқымды американдық кибертыңшылық желіні" анықтағанын айтқан еді. Соның арқасында бірнеше елде ОББ қызметкерлері ұсталып, жазаланған.


Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасы бір жыл бұрын шиеленісе бастады. 2018 жылы Трамп Вашингтонның 2015 жылғы ядролық келісімнен шығатынын және Тегеранға қатысты санкцияларды қайта жандандыратынын мәлімдеді. Шектеу шараларының жаңа пакеті АҚШ-та қарашада күшіне енді.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.07.2019, 17:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31