Иранда әйелдер көтерілісінен 41 адам қаза тапты

30 қыркүйек 2022, 15:32

Екі аптадан бері өтіп жатқан митингтің басталуына 22 жастағы қыздың өлімі себепкер болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. ,Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Махсы Амина есімді бойжеткенді полиция шашын толық жаппағаны үшін жазаламақ болған. Қыздың өлімі бүкіл ел көлемінде әйелдердің көтерілісіне ұласты.

 

Мемлекеттік БАҚ 41 адамның қаза тауып, 1200 астам әйелдің тұтқындалғанын жариялаған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Алайда, Норвегиядағы ирандықтардың құқығын қорғаушы топтың мәліметінше, қайтыс болғандардың саны ресми мәліметтен екі есе көп.

 

«Оқ тиып, күш қолданудан 76 адам қайтыс болды», - деп мәлімдеді зерттеуші топ.

 

Митинг 17 қыркүйекте елдің солтүстік-батысындағы Сакес қаласында басталған еді. Кейін наразылыққа ел астанасы Тегерандағы әйелдер қосылды. Хиджабты дұрыс кимедің деген желеумен полиция жаз қызды соққыға жыққан. Түрлі дене жарақатын алған бойжеткен үш күн комада жатып, ес жимаған қалпы қайтыс болды. Ал полиция өзінің заңсыз әрекетін жасыру үшін» Амина жүрек талмасынан өлді» деп мәлімдеген.