Шартарап

Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 70-ке жуықтады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Иранда коронавирустың жаңа түрінен (СOVID-19) көз жұмғандар саны 66-ға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Иранның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Алирези Раисидің айтуынша, елде ауруға шалдыққан адамдардың саны 2 наурыз күні 1501-ге жеткен, соның ішінде 291 адам жазылып шықты.

 

«Коронавирус жұқтырудың 225 оқиғасы Тегеран қаласында тіркелді, Кумада – 62, Гилянда – 53, Исфаханда – 23, Маркази провинциясында – 18, Казвинде – 18, Хорасан Резавиде – 6, Фарс провинциясында – 8, Керманшахта – 1, Мазендеранда – 12, Альборзада – 10, Хормозганда – 7, Хузестанда – 12, Систан және Белуджистан провинциясында – 1, Батыс Әзербайжанда – 4, Иламда – 2, Оңтүстік Хорасанда – 3, Керманда – 2 және Йезде бір адам індет жұқтырған», - деп атап өтті ол.

 

Иран елдің шекара бекеттерінде коронавирустың таралу салдарларын жоюға күш салуда.

 

«Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында шекара бекеттерін дезинфекциялауды бастадық», - деді Иран шекара қызметі бастығының орынбасары Ахмад Әли Гударзи.


 




Көрілген: 182    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 08:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31