Шартарап

Иранда күрестен ел чемпионы Навид Афкариге шығарылған өлім жазасы орындалды

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Иранда кісі өлтірген деген айыппен өлім жазасына кесілген белгілі спортшы, күрестен ел чемпионы Навид Афкариге соттың шығарған үкімі орындалды. Бұл туралы 12 қыркүйекте Иран ақпарат құралдары хабарлады.

Афкари "құрбан болған адамның ата-анасы мен отбасының талабы бойынша сот рәсімдері орындалғаннан кейін бүгін таңертең өлтірілді" деп хабарлады Фарс провинциясының әділет басқармасының мәліметіне сүйенген мемлекеттік БАҚ.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның бұл ісін айыптады.

Күрестен Иран чемпионы атанған Навид Афкари 2018 жылы Иранның оңтүстігінде болған үкіметке қарсы жаппай наразылық кезінде Шираз қаласында адам өлтірген деген айыппен сотталған.

Афкаридің ісі халықаралық резонанс тудырған. Балуанның туыстары мен белсенділер Афкари тергеу кезінде азаптағаннан кейін жасамаған қылмысты мойнына алуға мәжбүр болды деген. Адвокаты Афкаридің айыбын дәлелдейтін айғақ жоғын айтқан.

Иран сот жүйесі Афкаридің азапталғаны туралы хабарды терістеген.

Бұдан бір апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды спортшыны өлтірмеуге үндеген.

"Иранның 27 жастағы тамаша күрес жұлдызы Иран Афкариді өлтірмекші болып отырғанын естідім. Оның бар айыбы – көшеге шығып, наразылық шеруіне қатысқан. Олар "елдегі экономикалық жағдай мен инфляцияның нашарлауына" наразылық білдірген", – деп жазған болатын Трамп 3 қыркүйекте Twitter-дегі парағына.

 

azattyq.org




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 01:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31