Шартарап

Иранда ЦРУ-ға қатысы бар деп күдікке ілінген сегіз адам ұсталды

  • Ирандағы наразылық. Урмия қаласы, 16 қараша 2019 жыл.

    Ирандағы наразылық. Урмия қаласы, 16 қараша 2019 жыл.

Иранның арнайы қызмет өкілдері АҚШ-тың орталық барлау басқармасына (ЦРУ) қатысы бар деп күдікке ілінген сегіз адамды ұстады. Бұл ақпаратты Иранның мемлекеттік IRNA агенттігі хабарлады. Тегеранның айтуынша, ұсталғандар өздерін азаматтық журналист ретінде таныстырып, "астыртын тыңшылықпен айналысқан". Олар "тәртіпсіздік туралы ақпарат жинап, шетелге жіберген".


IRNA-ның хабарлауынша, Иранның арнайы қызмет өкілдері бұған дейін оларды бақылаған. Вашингтон әзірге ақпаратқа байланысты түсініктеме бермеді.


Иранда қараша айының ортасында жаппай наразылық шаралары өтті. Әуел баста бензин құнының қымбаттауынан туындаған акциялар демде үкіметке қарсы шерулерге айналды. Наразыларды тарату үшін полицейлер күш қолданып, көзден жас ағызатын газ шашты.


Құқық қорғаушылар дерегінше, наразыларды тарату кезінде жүзден астам адам қаза тапқан. Азаттықтың Иран қызметінің хабарлауынша, бірнеше мың адам ұсталған. Бірнеше күн бойы интернет өшіп қалды.


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ирандағы наразыларды наразылық шарасынан фото мен видео жіберуге шақырды. Оның айтуынша, "наразыларға күш көрсеткені үшін және белсенділерді қудалағаны үшін" Вашингтон Тегеранға санкция салады.


 




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.11.2019, 11:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31