Шартарап

Иранның бірінші президенті қайтыс болды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

1980 жылы жаңадан құрылған Иран Ислам Республикасының бірінші президенті болған Аболхасан Банисадр 88 жасында Парижде қайтыс болды.

 

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

 

Белгілі болғандай, Аболхасан Банисадр ұзақ аурудан кейін сенбі күні Сальпетрье емханасында көз жұмған.

 

Банисадр Хамадан провинциясында аятолла Сайед Насролла Банисадр отбасында дүниеге келген. Ол Теһран университетінде, алдымен теологиялық, кейін заң факультетінде білім алған.

 

Аболхасан Банисадр 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін Иранның демократиялық жолмен сайланған бірінші президенті. Ол республикада бірінші рет 1980 жылдың ақпанынан бастап 17 ай қызмет етті. 1981 жылы 21 маусымда Иран Мәжілісі (парламент) Банисадрға «мұсылман дінбасыларына қарсы бағытталған әрекеті үшін» импичмент жариялады. Оның отставкаға кетуіне Иранның жоғарғы көсемі аятолла Хомейнимен келіспеушілігі себеп болған еді.

 

 

 

BAQ.KZ

 

 




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.10.2021, 00:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31