Испанияда жарылыстан екі адам ажал құшты

27 мамыр 2022, 09:56

Испанияның солтүстігінде биодизель өндіретін зауытта жарылыс болып, 2 адам көз жұмды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Полиция мәліметінше, құрбандардың екеуі де жұмысшы. Қайғылы оқиға кезінде кәсіпорын жанындағы технопаркте 250 бала экскурсияда жүрген. 
 
Абырой болғанда, олар зардап шеккен жоқ. Зауыттағы барлық адам қауіпсіз жерге шұғыл көшірілді. Билік жарылыс себебін анықтап жатыр.