Ит қожайынын бір ажалдан құтқарып қалды

04 тамыз 2022, 16:21

Ұлыбританияда Орла есімді ит өз қожайынын қатты жылдамдықпен келе жатқан көліктің астына түсіп кетуден сақтап қалды. Бұл туралы The Sun ақпарат көзі мәлімдеді, - деп хжазады Alashainasy.kz тілшісі Кaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлыбританиядағы Батыс Йоркширде ит өз қожайынын қатты жылдамдықпен келе жатып, тротуарға шығып кеткен көліктің астына түсіп кетуден сақтап қалды.

 

Қожайынымен серуендеп жүрген Орла есімді ит аяқ астынан жолдың шетіне қарай шығып, өзімен бірге иесін де сүйрей жөнеледі. Басында не болғанын аңғармай қалған әйел қатты жылдамдықпен тротуардан машина зулап өте шыққанда ғана болған жайтты түсінеді.

 

"Көліктің бүйір айнасы менің бөксемнен сырып өткенде шошып кеттім", – дейді әйел.

 

Тротуарды басып өтіп, жолға шыққан көлік басқа бір көлікті соғып, содан ізін жасырған. Кейіннен ол жақын маңдағы қалаға тастап кеткен жерінен табылады.

 

Ақылды итінің арқасында қожайыны аман қалды.

 

Абырой болғанда бұл оқиға мектептен оралған балалары көшеге шыққанға дейін болған. Әйел соған ерекше қуанышты.