Шартарап

Италия вакцинаға күш бермейтін коронавирус мутациясы табылғанын мәлімдеді

  • Италия вакцинаға күш бермейтін коронавирус мутациясы табылғанын мәлімдеді

    Италия вакцинаға күш бермейтін коронавирус мутациясы табылғанын мәлімдеді

Коронавирустың жаңа мутациясы – нигериялық штамм Италияның солтүстігінде, Брешияда табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Италиялық вирусологтер қоғамының президенті және микробиологиялық зертхананың директоры Арнальдо Карузо бұл штамға қарсы қолда бар вакциналар тиімсіз болуы мүмкін деп санайды.

«Италияда алғаш рет біз қазіргі вакциналар тиімсіз болуы мүмкін мутациялары бар штамды (нигериялық) анықтадық», – дейді сарапшы. Дегенмен штамның ерекшеліктері туралы мәліметтер берілмеген.

Өткен жылдың көктемінде пандемиядан зардап шеккен Брешия аймағында коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артып келеді. Бұл өз кезегінде карантин шараларын қатайтуға әкеледі.

Денсаулық сақтаудың жоғары институтының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елдегі науқастардың 54-64% британиялық штамм жұқтырғандар. Ақпан айының басында оның үлесі 20%-дан аз болды.

Италиялық мамандар пандемияның «үшінші толқынының» басталатындығын айтады. Үкімет эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз «қызыл» аймақтардағы барлық мектептер мен балабақшаларды жабу туралы шешім қабылдады. Онда әр 100 мың тұрғынның 200-250-і КВИ жұқтырған. Осы уақытқа дейін кіші мектеп пен балабақшалар шағын локдаун жағдайында жұмыс істеген.

Италияда пандемия басталғаннан бері жұқтырғандардың саны 3 миллионға жақындап келеді, коронавирус инфекциясының салдарынан 98 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сейсенбі күні таратылған Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 17 мыңға, өлім-жітім 343-ке өсті.




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30