Италияда Жаңа жыл қарсаңында өлі құстардан "жаңбыр" жауды
Римде 31 желтоқсанға қараған түні жүздеген қараторғай жаңажылдық отшашудан кейін жерге құлады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Жарияланған мына кадрларда жерде шашырап жатқан ондаған құсты көруге болады.
"Кешіріңіз, бірақ (Жаңа жылды - ред.) тойлағым келмей қалды. Жүздеген өлі құс", - дейді видео авторы.
Халықаралық жануарларды қорғау ұйымы құстардың өлімі отшашудың даусына байланысты болуы мүмкін екенін айтты.