Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Италияда коронавирусқа қарсы вакцина алғаш рет адамға егілді

25 тамыз 2020, 08:45

Италияда коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға егіліп, сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Италияда алғаш рет ерікті әйелге Рим қаласының инфекциялық ауруханасында коронавирусқа қарсы екпе егілді.

Ерікті әйел қауіпті вирусқа қарсы вакцина алған елдегі алғашқы адам екендігіне мақтанатындығын жеткізген.

Вакцинаны Италияның биотехнологиялық фирмасы шығарған.

«Бүгін зерттеудің жаңа тарихи кезеңі басталды және бұл жобаның ілгерлеуіне мемлекет қаржылай көмек көрсетті», - деді Лацио губернаторы Никола Зингаретти.

Зерттеу өткізіліп жатқан инфекциялық аурухананың дәрігерлері вакцина келесі жылдың көктемінде пайдалануға дайын болады дейді.

Ал Италияның Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанц ғалымдар алға қойылған міндетті орындай алды деген пікір білдірді.

Еске салсақ, маусым айында Нидерланды, Италия, Германия және Франция коронавирустан вакцина жасау үшін альянс құрды.