Шартарап

Италияда коронавирустан қайтыс болғандар саны Қытайдан асып кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны Қытайдан да асып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

 

Соңғы тәулікте Италияда аталмыш дерттен 427 адам қайтыс болған. Сөйтіп ауру өршігеннен бері елде көз жұмғандар саны 3405 болды. Бұл Қытайда қаза тапқандар санынан 150 адамға көп.

 

Жалпы алғанда, Италияда 41 мың адам вирус жұқтырған. Соңғы 24 сағат ішінде 5322 адамнан вирус табылған.

 

Қытай сарапшы дәрігерлерінің сөзінше, Италия билігінің COVID-19 індетімен күреске жұмсаған күш-жігері жеткіліксіз.

 

«Меніңше, Миланда қатаң карантин шаралары да көмектеспей жатыр. Қоғамдық көлік әлі жұмыс істеп тұр, халық қалада емін-еркін жүр. Қонақ үйде түрлі кештер ұйымдастырылады. Сосын сіздер маска кимейсіздер», - дейді Қытайдағы Қызыл жарты ай ұйымының өкілі Сунь Шуопэн.

 

Италия халқы екі аптадан бері оқшауланып өмір сүріп жатыр. Бастапқыда карантин 3 сәуірге дейін деп жоспарланған. Дегенмен ол әлі ұзартылады. Оның үстіне, үкімет тағы да қосымша шаралар енгізуге ниетті. Атап айтқанда, халықтың таза ауада жүріп-тұруына шектеу қойылады.

 

Сонымен қатар, азық-түлік дүкендерінің демалыс күндердегі жұмыс уақыты қысқармақ. Мемлекеттік органдардың көбісі қашықтан жұмыс істеуге көшіп жатыр. Жұмыс істеп тұрған банктер мен пошталарда қызметкерлер саны азаюда.

 




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 09:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30