Шартарап

Италияда коронавирустан көз жұмған жүздеген адамдар тиелген жүк көліктері жұртты шошытты (фото, видео)

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Италия тұрғындары коронавирустан көз жұмған жүздеген адамдардың денесін тиеген жүк көліктері түсірілген видеоны көріп шошынуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Әлеуметтік желіде марқұмдар тиелген жүк көліктері мен науқастар жатқан аурухана түсірілген видео жаппай тарала бастапты.

 

Еске салайық, Италия коронавирустан көз жұмғандардың саны жөнінен Қытайды басып озды: қазіргі кезде аты жаман ауру 3405 адамның өмірін қиған. Бір күннің ішінде мемлекетте жаңадан көз жұмған 427 адам тіркеліпті.

 

 

Италия билігінің елді карантинге жабуының өзінде коронавирус жаппай тұрғындардың өмірін жалмауда. Ал желіде тараған видеоны көрген италияқтар аурудан одан бетер шошып жатқан көрінеді.

 

Бейнежазбаларда аурухананың дәлізінде жатқан науқастардың көптігі байқалады. Дәрігерлердің сөздерінше, олардың көбінің жағдайы асқынған.

 

Бергамодағы ауруханадан бөлек, қаладағы зиратта да көз жұмғандарға орын жетіспеуде екен.

 

 

"Ең бастысы - берілмеуіміз керек. Қажет болған жағдайда карантин уақыты ұзартылады. Бірнеше күннен кейін атқаралып жатқан шаралардың нәтижелі ықпалы байқалатын болады", - деп мәлімдеді Италияның денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық институттың басшысы Сильвио Брусаферро.

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch

 

 




Көрілген: 803    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 18:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30