Италиядағы сайлауда орталық оңшыл коалиция жеңіске жетті

27 қыркүйек 2022, 09:25

 Италиядағы парламент сайлауында оңшылдар жеңіске жетті. Джордж Мелони жетекшілік ететін оңшыл-орталықшыл «Италия бауырлары» партиясы ресми мәліметтер бойынша төрттен бір дауыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews.com агенттігіне сілтеме жасап.

Орталық-оңшыл коалиция өкілдерінің ең үлкен қолдауына ие болған Мелони Премьер-Министр лауазымына басты үміткер болды. Жеңісті сөзінде ол өзінің үкіметі барлық италиялықтарды біріктіреді деп уәде берді.

Коалицияға келер болса, Маттео Сальвинидің «Лигасы» мен Сильвио Берлусконидің «Алға, Италия» партиялары бастаған оңшылдар 44%-дан астам дауыс жинады. Орталық солшылдар – шамамен 26,5%. Олардың арасында 19 пайыздан астам дауыс жинаған Энрико Летта басқаратын Демократиялық партия жақсы нәтиже көрсетіп, «Италия бауырларынан» кейінгі екінші орынды иеленді. Демократтар жеңілгендерін мойындап, болашақ парламентте негізгі оппозициялық күш болуға уәде берді.

Бұл сайлауға сайлаушылардың қатысуы тарихтағы ең төменгі көрсеткішті көрсетті - шамамен 64%, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 10%-ға аз.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұрынғы үкімет Италияның экс премьер-министрі Марио Драгимен бірге шілде айында үкімет дағдарысы аясында отставкаға кетті. Драги өз шешімін басқарушы коалицияның бөлінуімен түсіндірді. Кейін Италия президенті парламентті таратып жіберді. Ел парламентіне мерзімінен бұрын сайлау 25 қыркүйекте басталды.

Айта кетейік, бұған дейін Италияның жаңа премьер-министрі Джорджа Мелони жайлы мәліметтерді жариялаған болатынбыз. Ол - мемлекеттің тарихындағы осы лауазымға сайланған тұңғыш әйел.

ҚазАқпарат