Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ИЫҰ: Ортақ азық-түлік нарығы пайда болуы мүмкін

28 шілде 2020, 01:26

Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің бірыңғай азық-түлік нарығы пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Бұл тұста Қазақстанның мүмкіндігі мол. Бұл туралы бүгін халықаралық бейнеконференция кезінде айтылды.

 

Онлайн отырысқа Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Сауда-өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жөніндегі ислам палатасының бас хатшысы Юсеф Хасан Халави мен 50-ден астам шетелдік делегат қатысты.

 

Сарапшылар карантин салдарынан туындаған азық-түлік тапшылығын жою туралы ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.

 

Ерлан Байдәулет, ИЫҰ жанындағы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры:

 

– Сол палатаның 54 мың қатысушысы бар. Бүкіл әлемдегі ірі корпорациялар, компаниялар, инвесторлармен бірге жұмысты бастап, мұсылман елдерінің, яғни 57 ел бар. Бізде әзірше ұйымымызда – 34. Халал мәселесі де бар.