Израил әскерилеріне палестиналықтардың ту сыртынан атуға рұқсат берді

25 желтоқсан 2021, 12:53

Израилдің қорғаныс әскері (ЦАХАЛ) сарбаздарға әскери және шекара нысандарына шабуыл жасаған палестиналықтарды атуға (өлтіруге) рұқсат берді.

 

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде израилдік Kan мерзімді басылымына сілтеме жасаған lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

ЦАХАЛ осылайша жерінен айырылып ашынған палестиналықтар шабуыл жасаған кезде қаруды қолдану нұсқаулығына өзгеріс енгізді. Яғни, жаңа ережеге сәйкес израилдік әскерилер шабуыл кезінде көзге түскен палестиналықтарды қашып бара жатқан жерінен ата алады.

 

Ал бұрынғы нұсқасында тек шабуыл кезінде көзге түскенін атуға рұқсат етілгенімен қашып бара жатқанын артынан атуға тыйым салынған. Бұдан былай қашып бара жатқанын да атуға рұқсат етіп отыр.

 

Сөз орайы келгенде Иордан өзенінің батыс жағалауы Израил билігінің бақылауында – 1967 жылғы алты күндік соғыстан кейін иемденіп алған. Содан бері ол жерде палестиналықтардың үй-жайын түрлі желеумен сүріп, израилдік келімсектерді қоныстандыруда.