Шартарап

Израиль елде коронавирус індеті аяқталғанын мәлім етті

  • Израиль елде коронавирус індеті аяқталғанын мәлім етті

    Израиль елде коронавирус індеті аяқталғанын мәлім етті

Израильде коронавирус індеті аяқталды. Ел билігі ұжымдық иммунитетке қол жеткізгенін мәлімдеді. Енді шектеулерді біртіндеп алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауруханалардың коронавирус бөлімшелері жабылды. Сырқаттанушылық көрсеткіші тәулігіне жиырма жұқтырғандардан аспайды. Израильде COVID эпидемиясы толығымен жойылды. Он миллион адам тұратын елде халықтың жартысынан көбі вакцина салдырды. Сарапшылардың пікірінше, балалар мен жасөспірімдер вакцина салдырмаса да, Израильде ұжымдық иммунитет қалыптасты деп айтуға болады.

"Бізде халықтың 60 пайыздан астамы вакцинацияланған. Сонымен қатар, ресми мәліметтер бойынша, тоғыз жүз мың адам ауырған, яғни біз ұжымдық иммунитетке келдік", – дейді профессор, иммунолог, Адасса Эйн – Керем Иерусалим клиникасының бөлім меңгерушісі Полина Степенская.

Сырқаттанушылық саны өсіп жатқан жоқ, вакцина коронавирустың қазіргі мутациясына төзімді. Бірақ тыйымдардың алынғанына қарамастан, билік дүкендер мен кеңселерде маска режимін сақтауды талап етеді.

Тағы бір айта кетерлігі, карантин шаралары жеңілдегенімен, Израиль әлі шекарасын ашуға асығар емес.




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 11:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31