Шартарап

Израиль премьерінің әйелі Киев әуежайында ұсынылған нанды жерге тастай салды

  • Чета Нетаньяху ұшаққа отыру алдында. © Амос Бен-Гершум, ЛААМ

    Чета Нетаньяху ұшаққа отыру алдында. © Амос Бен-Гершум, ЛААМ

Израиль премьер-министрі Беньямина Нетаньяхудың әйелі Сара Киевке бара жатқан сапарында ұшақта кикілжің шығарды. Лайнер командирінің лайықты түрде сәлем бермегеніне ренжіген ол ұшақтан шыққан соң да жағымсыз жағдайға тап болды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Вести Израиля басылымына сілтеме жасап.


19 тамыз күні үкімет басшысы Беньямин Нетаньяху Киевке барған El Al ұшағында жанжал болды. Сапар кезінде жұбайымен бірге жүретін Сара Нетаньяху кеме командиріне лайнерге отырғызу кезінде оны тиісті түрде қарсы алмағаны үшін дау шығарған. Сара Нетаньяху дереу орнынан атып тұрып, ұшқыштар кабинасына бет алған.


Алайда оны кабинаға өткізбеген, осы кезде премьердің жұбайы тағы да ашуланған. Нәтижесінде кеме командирі борттағы Нетаньяханы Киевке қонғанға дейін 45 минут бұрын қайта қарсы алған.


"Шын мәнінде, кеме командирі Сара Нетаньяхуды қарсы алды, бірақ ол оны естімей қалды, бұл осындай оқиғаға әкеп соқты. Үкімет басшысы мен оның жұбайы Сара Нетаньяхуға сәтті сапар тілейміз", - деп атап өтті басылым.


Үкімет басшысының кеңсесіндегілер премьер-министрдің зайыбы Нетаньяхуды ұшқыштардың кабинасына оққағарлары өткізбеді деген сөзді жоққы шығарып отыр. Мұндағылар түсінбеушілік болып, кейін тез арада шешімін тапқанын, әрі қарай ұшу әдеттегі режимде өткенін атап өтті.


Іс мұнымен бітпеген. Нетаньяхулар Киевке қонып, ұшақтан шыққанда оларды украиналық дәстүрде үш қыз нан мен тұз ұсынып, қарсы алған. Үкімет басшысы нанды үзіп жеп, тағы бір бөлігін жұбайына берген, сөйтсе Сара нанды жерге тастай салған.





Көрілген: 638    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.08.2019, 17:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30