Шартарап

Израильде балабақшадағы озбырлыққа қарсы шеру өтті

  • © 24.kz

    © 24.kz

Өйткені жекеменшік бақшаларда балаларға күш қолдану оқиғалары жиілеп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».


Осы ретте шерушілер мектепке дейінгі мекмелерде мемлекеттік бақылауды күшейтуді талап етіп отыр. Полиция жариялаған бұл бейнетаспа Израиль жұртшылығының жағасын ұстатты. Онда Рош-ха-Аин қаласының тәрбиешілері балдырғанды қалай қорлағаны түсірілген. Балаларды ұрып, еденге тастайды, ол аздай тар қоймаға қамайды екен. Осыны көрген бір ана тіпті есінен танып қалған.


Аври Гилад, шеруді ұйымдастырушы:


- Әдетте біз баламызды әскерге шақырған кезде соғысады деп уайымдайтынбыз. Алайда мына бүлдіршіндер де сондай бір басқа майданға түсіп жүр. Шайқаса алмайтын балдырғандарымыздың бұл соғыста жеңуге мүмкіндігі жоқ. Оларға қарсы бұл соғысты қамқоршы болуға міндетті адамдар жүргізеді. Балабақшаға баламызды ертіп әкелгеннен кейін біз білмейтін ұрыс басталады. Ол туралы бүлдіршініміз жарақат алғанда ғана естиміз.


Тель-Авивтің басты алаңында мыңдаған адам бірнеше сағат бойы өз наразылығын білдірген. Әрбіреуінің айтар өз уәжі бар.


Нисим Бен-Цур, Шоам қаласының тұрғыны:


- Осыдан бір жыл бұрын үш жасар балдырғаным балабақшадан денесі көгеріп келген. Ол жылап балабақшаға қайта барудан бас тартты. Не болды деп сұрасам, тәрбиеші оны ұрып, аузына тамақты күшпен салған екен.


Бұл жолы осындай көп оқиға айтылды. 11 айлық сәбидің анасы Бат-Эль Рогов басынан кешкенін айтқанда жиналған жұрт көз жасына жасыра алған жоқ. Бұл оқиға бүкіл елге мәлім болған. Цыпи есімді 65 жастағы тәрбиеші балдырғанды ұрып, тұншықтырған, тіпті өлтіремін деп сес көрсетіпті. Ата-анасы жасырын камера орнатып, осы қорлықты түсіріп алып, сотқа шағымданды.


Бат-Эль Рогов, жәбірленген баланың анасы:


- Цыпи қазір өз үйінде туыстарымен тұрып жатыр, ал менің балам осындай озбырлық көрген. Сол қатыгезді абақтыға қаматып, қылмысы үшін жазасын тарттырмай, тынбайтыныма уәде беремін.


Балалар үш жасар болып дүниеге келмейді. Бұл шеруде жиі айтылған ұрандардың бірі осы. Мемлекеттік балабақшаларға үш жастан алады. Ал осы мезгілге дейін тек жекеменшік мекемелерге тапсыруға болады. Ал оларды ешкім қадағаламайды. Тек шектен шыққан оқиға болғанда ғана жұрт онда не болып жатқанын біледі.


Тука Ялин-Мор, балаларды қолдау ұйымының мүшесі:


- Бұл мемлекеттік деңгейдегі мәселе деп санаймыз. Балалар елдің болашағы болғандықтан, үкімет оларға қамқор болуы керек. Қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Жекеменшік балабақшада қанша бүлдіршін мен тәрбиеші болуға тиіс секілді қатал ережелер орнатуы керек.


Шерушілер үкіметтен нақты шаралар қабылдауды талап етті. Жалпы Израильде мемлекеттік балабақшалардың жұмысын қатаң бақылайды. Алайда кез келген адам ешбір рұқсат қағаз рәсімдемей, өз үйінде жекеменшік балабақша аша алады. Олардың жұмысын ешкім қадағаламайды. Жұрт осы олқылықты түзетуді талап етіп отыр. Сондай-ақ балаларды күтетін бүкіл мекемеде бейнекамералар орнатуды сұрауда.


24.kz


 




Көрілген: 241    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 12:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31