Шартарап

Израильде ойыншықтар дүкеніне барған оқушы коронавирус жұқтырып алған

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Израильде ойыншық сататын дүкенге барып келген мектеп оқушысы коронавирус жұқтырып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

 

9-сынып оқушысы Ор -Йехуда қаласындағы ойыншықтар дүкенінде вирус тасымалдаушылармен байланыста болған соң инфекцияны жұқтырып алған.

 

Ол оқыған мектеп тоғызыншы сынып оқушылары үшін сабақты тоқтатқан. Шамамен 1150 оқушы карантинге жіберілген.

 

Коронавирус, сондай-ақ, аталған дүкенде болған орта мектеп директорының орынбасарынан да анықталған. Бүгінде Израильде коронавирус жұқтырудың жалпы 15 жағдайы тіркелген.

 

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 90 мыңнан асқан. Үш мыңнан астам адам қайтыс болған.

 

Вирус Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия елдерінде кең тарап жатыр. ЕО елдерінде екі мыңға жуық адам ауырып, 38-і көз жұмған. Олардың дені – Италия азаматтары.

 




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 17:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30